Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
347-1-бап. Қинау



Ст. 347-1 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейi тән зардабын және психикалық зардап шектiруi, - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Дәл сол әрекет:
 
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
 
б) бiрнеше рет;
 
в) денсаулыққа орташа ауыр зиян келтiрумен;
 
г) кiнәлi адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, -
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Дәл сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту.
 
Лауазымды адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.
 
Ескерту. 347-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...346 347 347-1 348 349 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 347-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы