Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер



Ст. 357 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Хатталған, тыйым салынған немесе иелiк етуге шектеу қойылған мүлiктi осы мүлiк сенiп берiлген адамның жасаған ысырап етуi, иелiктен шығаруы, жасарып қалуы немесе заңсыз беруi, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерiнiң тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларын жүзеге асыруы - жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Соттың үкiмi бойынша тәркiлеуге жататын мүлiктi жасырып қалу немесе иемденiп кету, сол сияқты мүлiкке тәркiлеу тағайындау туралы соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындаудан өзге де жалтару -  жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...355 356 357 358 359 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 357-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы