Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 364 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Қылмыстық Кодексi
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса, – 

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Алып тасталды - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет – 

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...362 363 364 365 366 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 364-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V