Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 365 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

1. Дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, егер бұл іс-әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам өздерінің қызметтiк өкiлеттiктерiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып жасаса, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, – 

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) лауазымды адам; 

2) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

3) ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 

1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған; 

2) аса ірі мөлшерде жасалған; 

3) қылмыстық топ жасаған не қылмыстық топтың мүддесіне орай; 

4) мүлікті жария етуді жүргізу процесінде алынған ақпаратты пайдалана отырып, "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 365-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...363 364 365 366 367 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 365-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V