Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
373-бап. Қашқындық



Ст. 373 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлiмдi немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу -  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Қызмет бойынша сенiп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет - жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметшi, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерiнен болса және егер ол әскери қызметтi одан әрi өткеру үшiн өз еркiмен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
 
Ескерту. 373-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...371 372 373 374 375 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 373-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы