Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу



Ст. 375 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезiнде байқау және тойтару бойынша, не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi (жауынгерлiк қызмет) атқарудың ережелерiн бұзу, егерде бұл әрекет мемлекеттiң қауiпсiздiгi мүдделерiне зиян келтiрсе немесе зиян келтiруi мүмкiн болса, - екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет - үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер - бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады не өлiм жазасына кесiледi немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшiнi, қылмысты жеңiлдететiн мән жайларда, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.
 
Ескерту. 375-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

Статья 1 ...373 374 375 376 377 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 375-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы