Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн бұзу



Ст. 378 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Бөлiмнiң тәулiктiк нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кiретiн адамның iшкi қызмет атқарудың жарғылық ережелерiн бұзуы, сол сияқты патруль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерiн және осы ережелердi дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкiмдердi бұзуы, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның алдын алу осы адамның мiндетiне кiретiн болса -  екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға жазаланады.
 
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -  бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi қылмысты жеңiлдететiн мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
 
Ескерту. 378-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...376 377 378 379 380 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 378-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы