Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 387 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
387-бап. Әскери қызметтен жалтару

1. Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – 

бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы; 

2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен; 

3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – 

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы iстi сотқа бергенге дейiн әскерге шақыру пунктiне өз еркiмен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Статья 1 ...385 386 387 388 389 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 387-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V