Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 398 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
398-бап. Байланыс желiлерi мен құрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу

1. Байланыс желiлерiн немесе байланыс құрылыстарын күзету қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекет байланыстың үзiлуiне әкеп соқса немесе байланыстың үзілу қатерін төндірсе, – 

бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 

2. Байланыс желiлерiн күзету қағидаларын қалааралық байланыстың кәбілдік желiсiнің бүлiнуiне немесе қалааралық байланыстың үзілуіне әкеп соққан бұзу – 

екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарын басып алуға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу – 

үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...396 397 398 399 400 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 398-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V