Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 399 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
399-бап. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану

1. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану – 

екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер – 

төрт мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...397 398 399 400 401 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 399-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V