Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 414 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
414-бап. Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау

1. Көрiнеу заңсыз ұстап алу – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Көрiнеу заңсыз күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Күдіктіні ұстап алу фактісі және оның тұрған жері туралы оның туыстарына қасақана хабарламау, адамның күзетпен ұсталу орны туралы ақпаратты осындай ақпарат алуға құқығы бар азаматқа беруден заңсыз бас тарту, сол сияқты ұстап алу хаттамасының жасалу уақытын немесе нақты ұстап алынған уақытын бұрмалау – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Статья 1 ...412 413 414 415 416 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 414-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V