Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 419 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
419-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу

1. Қылмыстық теріс қылық жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу – 

үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 

2. Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу – 

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет – 

үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың екінші немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топтың мүдделерiне орай жасалған іс-әрекеттер – 

бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...417 418 419 420 421 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 419-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V