Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 42 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
42-бап. Түзеу жұмыстары

1. Түзеу жұмыстары дегеніміз – сотталған адамның жалақысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына ақшалай өндіріп алу шегеріле отырып, оны негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке тарту және ол сотталған адамның жалақысының (ақшалай үлесінің) жиырмадан қырық пайызға дейінгісін ай сайын Жәбірленушілерге өтемақы қорына аударып отыру арқылы орындалады. Түзеу жұмыстары қылмыстық теріс қылықтар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде белгіленеді.

2. Еңбекке қабілетсіз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе өндірістен қол үзіп оқу орындарында оқитын адамдарға түзеу жұмыстары тағайындала алмайды.

3. Түзеу жұмыстарын орындауға кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайларда, қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі – осы Кодекстің 43 және 45-баптарының ережелері ескеріле отырып, бір айлық есептік көрсеткіш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бір тәулікке қамаққа алу есебімен қамаққа алуға, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігі осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып, төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 42-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V