Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 443 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
443-бап. Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту

1. Әскери қызметшiнiң аурумын деп жалған сылтаурату немесе өзiне қандай да бiр болмасын зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтiру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн орындаудан жалтаруы, сол сияқты әскери қызметті атқарудан бас тартуы – 

бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған дәл сол іс-әрекеттер – 

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер – 

он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына жазаланады.
Статья 1 ...441 442 443 444 445 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 443-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V