Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 448 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
448-бап. Бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу

1. Бақылау функцияларын жүзеге асыратын әскери қызметшілердің бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, – 

бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет – 

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Статья 1 ...446 447 448 449 450 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 448-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V