Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 453 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
453-бап. Қызметке салғырт қарау

1. Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке елеулі зиян келтiрген салғырт қарауы – 

бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – 

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екінші бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған іс-әрекеттер – 

үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттi алғаш рет жасаған әскери қызметшi, жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
Статья 1 ...451 452 453 454 455 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 453-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V