Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 46 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
46-бап. Бас бостандығынан айыру

1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы оны қоғамнан оқшаулаудан тұрады. 

2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, үкiм шығару кезінде он сегiз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне орналастырылады. 

3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру – алты айдан он бес жылға дейiнгі, ал аса ауыр қылмыстары үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 47-бабының бесінші бөлігінде, 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан аспауға тиіс. 

4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру – аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. 

5. Бас бостандығынан айыруды: 

1) абайсызда жасаған қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде; 

2) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде; 

3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде және әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде;  

4) қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады. 

Үкімдер жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.  

6. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн. 

7. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгертудi сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргiзедi. 

Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V