Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 462 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
462-бап. Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу

1. Қару-жарақпен, оқ-дәрiлермен, радиоактивтi материалдармен, жарылғыш немесе айналасындағыларға аса қауіп төндіретін өзге де заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге, әскери мүлiктiң жойылуына не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, – 

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет – 

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – 

бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...460 461 462 463 464 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 462-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V