Ст. 50-1 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Қылмыстық Кодексi
50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мемлекеттің сотталған адаммен орнықты саяси-құқықтық байланысты мәжбүрлі тоқтатуынан тұрады, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. 2. Он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тағайындалмайды.
Ескерту. 3-бөлім 50-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Добавить комментарий к 50-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V