Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау



Ст. 56 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде соның себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген мән-жай ескерiледi.
 
2. Қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған қылмыс үшiн тиiстi бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы керек.
 
3. Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта ерекше қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнен ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек.
 
4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 56-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы