Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау



Ст. 59 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 1. Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi.

 

2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бiрiнен төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында - үштен екiсiнен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында - төрттен үшiнен төмен болмауы керек.

 

3. Егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң бабында (бабының бөлiгiнде) айқындаушы белгi ретiнде қылмыс жасаған адамның соттылығына сiлтеме болса, сондай-ақ осы Кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi ескермей тағайындалады.

 

Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2007.01.08. N 210 Заңдарымен.


Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 59-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы