Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
70-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату



Ст. 70 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн адамды сот құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, қылмысымен келтiрген залалын өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.

 

2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде тiзбесi Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабында белгiленетiн мiндеттер жүктеледi.

 

3. Жазадан шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату сотталған адам: 

 

а) кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн; 

 

б) ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын; 

 

в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екiсiн өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.

 

4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.

 

5. Сот тағайындаған өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрi өтеудi қажет етпейдi деп таныса және кемiнде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн.

 

6. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның мiнез-құлқына бақылау жасауды босатылған адамның тұрғылықты жерi бойынша - iшкi iстер органдары, ал әскери қызметшiлер жөнiнде - әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.

 

7. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде: 

 

a) бiрнеше рет әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе өзiне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген мiндеттердi орындаудан әдейi жалтарса, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде сот осы баптың алтыншы бөлiгiнде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады;

 

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезiнде мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот шешедi; 

 

в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады.

 

8. Өлiм жазасы түрiндегi жаза кешiрiм жасау тәртiбi бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған, жазасын өтеу кезеңiнде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату қолданылмайды.

 

Ескерту. 70-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2007.03.26. N 240 Заңдарымен.


Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы