Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
84-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату



Ст. 84 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына сотталған адамдарға: 
 
а) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiрiн; 
 
б) ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен бiрiн; <*>
 
в) адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын; 
 
г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.
 
Ескерту. 84-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

Статья 1 ...82 83 84 85 86 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 84-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы