Ст. 99 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
ҚР Қылмыстық Кодексi
99-бап. Адам өлтiру
1. Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату – сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өлтiру:
1) екi немесе одан көп адамды;
2) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын;
3) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
4) кінәлі адамға жүктiлік жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелдi;
5) аса қатыгездiкпен жасалған;
6) басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;
7) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
8) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан;
9) бұзақылық ниетпен;
10) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан;
11) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек уәжі бойынша;
12) жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тіндерiн пайдалану мақсатымен жасалған;
13) бірнеше рет жасалған;
14) көрінеу кәмелетке толмаған адамды;
15) қылмыстық топ жасаған, сол сияқты төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалған адам өлтiру –
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 99-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық Кодексi 101-бап. Абайсызда кiсi өлтiруДобавить комментарий к 99-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V