Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану



Ст. 106 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.  

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық нұсқағыштары) таңдауды, оны жайластыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асыруға тиiс. 

3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.  

4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқcaттap үшiн пайдалануға тыйым салынады.  

Ескерту. 106-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы
құрылыстарын балық және аңшылық
шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану


Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 106-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481