Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
11-бап. Су қатынастары объектiлерi



Ст. 11 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.  

2. Су объектiлерi:  

1) жер үстi су объектiлерi;  

2) жер асты су объектiлерi;  

3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;  

4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.  

3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:  

1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;  

2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;  

3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;  

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;  

5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi; 

6) мемлекеттік орман қорының су объектілері болып бөлінеді. 

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481