Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану



Ст. 111 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.  

2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстiндегi ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады. 

3. Алып тасталды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

111-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады. 

5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс. 

6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады. 

Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi. 

Уәкiлеттi орган тiркеген декларацияның көшірмесі уәкiлеттi органда сақталады. 

7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады. 

Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс. 

Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 11.04.2014 N 189-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың
зиянды әсеріне қарсы күресу
23-тарау. Су қорғау қызметі


Статья 1 ...109 110 111 112 113 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 111-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481