Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
112-бап. Су объектiлерiн қорғау



Ст. 112 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су объектiлерi:

1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;

2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;

3) сарқылудан қорғалуға тиiс.

2. Су объектiлерi:

1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;

2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;

3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;

4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;

5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;

6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;

7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.

3. Су объектiлерiн қорғау:

1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;

2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;

3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;

4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;

5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттiк және басқа да нысандарын жүргiзу;

6) су объектiлерiн қорғау жөнiндегi талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.

5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.01.09. N 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...110 111 112 113 114 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 112-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481