Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау



Ст. 119 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ескерту. 119-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн. 

1-1. Су қорғау аймақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын жергілікті атқарушы органдар бассейндік басқармалармен келісу бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шөп шабу және мал жаю үшін жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалануға беруі мүмкін. 

2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.  

Ескерту. 119-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. № 180-IV; 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...117 118 119 120 121 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 119-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481