Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру тәртiбi



Ст. 124 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.  

Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:  

1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;  

2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;  

3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;  

4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;  

5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.  

2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 124-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі


Статья 1 ...122 123 124 125 126 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 124-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481