Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
128-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi



Ст. 128 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:  

1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;  

2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;  

3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;  

4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;  

5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;  

6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;  

7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.  

Ескерту. 128-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.


Статья 1 ...126 127 128 129 130 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 128-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481