Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi



Ст. 132 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



  Ескерту. 132-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:

1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;

2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін көздейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгiзуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;

4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.

  Ескерту. 132-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...130 131 132 133 134 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 132-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481