Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi инвестициялық саясаттың қағидаттары



Ст. 135 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



 Ескерту. 135-баптың тақырыбы өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерi:

1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiн ұстау;

2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөнiндегi шығындарды қаржыландыру;

3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды  қаржыландыру;

4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;

5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша субсидиялау;

5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;

7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру болып табылады.

8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:

1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттiк қолдау;

2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;

3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;

4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттiк бақылау болып табылады.

3. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 135-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...133 134 135 135-1 136 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 135-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481