Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi



Ст. 34 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару:  

1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;  

2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;  

3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;  

4) бассейндiк басқару;  

5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.  

Ескерту. 34-бапқа және тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481