Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Су Кодексi
51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:  

1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес осы Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттiк органдарға, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы су заңнамасының нормаларын орындау туралы олар үшiн мiндеттi талаптар қоюға, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiнде айқындалған көлемдерде коллекторлық-сорғытылған және сарқынды суларды ағызудың жол берiлетiн шектi нормаларын сақтау жөнiндегі тиiстi іс-шараларды жүргiзуге және су ресурстары мен сарқынды сулардың сапасына зертханалық бақылауды ұйымдастыруға; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге; 

3) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін ұйымдарға және өзге де объектiлерге баруға, су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн бақылауды жүзеге асыруға, су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау ережелерiнiң анықталған заң бұзушылықтарын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге құқығы бар. Су объектiлерiнде өз бетiмен су алу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезiнде су пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;  

3-1) су пайдаланудың белгіленген лимиттерінің, тіреуіш гидротехникалық құрылысжайлар режимінің, тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану және су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылысжайларды пайдалану, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын пайдалану қағидаларының, олардағы шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;  

3-2) анықталған су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығаруға;  

3-3) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға;  

3-4) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға;  

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйiн анықтауға қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде зертханалық талдау деректерiн алуға;  

5) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;  

6) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiн тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;  

7) лауазымды адамдарға, ұйымдардың басшыларына су объектiлерiн пайдалану мен қорғаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзуға жол берген адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;  

7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.  

8) алып тасталды  

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...49‑3 50 51 52 53 ...146

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться