Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi



Ст. 52 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;

3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;

4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.

5) алып тасталды

Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 52-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481