Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 53 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Су Кодексi
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау суды бастапқы есепке алу қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады. 

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етедi.  

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аттестатталған су есебiн жүргiзу аспаптарының негiзiнде жүзеге асырылады. 

4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аттестатталған зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аттестатталған зертханалар жүзеге асырады. 

Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.09 N 213(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...146

Перейти к статье






Добавить комментарий к 53-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481