Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



Ст. 55 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ескерту. 55-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.  

2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.  

3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.  

Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 180-IV; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...53 54 55 56 57 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 55-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481