Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 58 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Су Кодексi
58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу

1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.  

2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.  

3. Жерүсті және жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып жүзеге асырады. 

Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...56 57 58 59 60 ...146

Перейти к статье






Добавить комментарий к 58-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481