Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 60 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Су Кодексi
60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi

1. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.  

2. Су объектiлерiнің мемлекеттік мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді. 

3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкiлеттi орган бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бiрлесiп жүзеге асырады. 

Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...58 59 60 61 62 ...146

Перейти к статье






Добавить комментарий к 60-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481