Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
61-бап. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету



Ст. 61 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



  Ескерту. 61-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  

1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;

2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;

3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;

4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;

5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.

2. алып тасталды

3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:

1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз етiледi.

4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.

5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.

6. алып тасталды

Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы
жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және
қоғамдық бірлестіктердің қызметі

Статья 1 ...59 60 61 62 63 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 61-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481