Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi



Ст. 64 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Субъектілердің тобы бойынша:

1) ортақ су пайдалану құқығы;

2) арнайы су пайдалану құқығы;

3) оқшау су пайдалану құқығы;

4) бірлесіп су пайдалану құқығы болып бөлінеді.

2. Туындау негіздемелері бойынша:

1) бастапқы су пайдалану құқығы;

2) қосалқы су пайдалану құқығы болып бөлінеді.

3. Қолдану мерзімдері бойынша:

1) тұрақты су пайдалану құқығы;

2) уақытша су пайдалану құқығы болып бөлінеді.

4. Азамат үшiн ортақ су пайдалану құқығы ол туған кезден бастап туындайды және ешбір жағдайда да шеттетілуі мүмкін емес.

5. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап арнайы су пайдалану құқығы туындайды.

Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...62 63 64 65 66 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 64-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481