Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану



Ст. 69 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру және (немесе) қайталама су пайдаланушыларға беру үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

 2. Басқа су пайдаланушылармен жасалған шарттардың негізінде олардан су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады.

 3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, оны пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі.

 Қайталама су пайдалануға арналған шартта су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыру бойынша қайталама су пайдаланушыға қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.

  Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 69-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481