Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
7-бап. Су қорының жерлерi



Ст. 7 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су қорының жерi мемлекет меншігінде болады.

2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.

4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. № 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481