Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату



Ст. 75 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Арнайы су пайдалану құқығы: 

1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан; 

2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен; 

3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған; 

4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған; 

5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен; 

6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға жатады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері туындаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібереді. 

2. Арнайы су пайдалану құқығы:  

1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған; 

2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған; 

3) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн пайдалану қажеттiлігi туындаған; 

4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатылуға жатады. 

3. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады. 

Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады. 

Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 75-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481