Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
77-бап. Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдары



Ст. 77 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай жұмыстарды орындау мақсатында құрады:  

1) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу;  

2) мемлекеттiк су кадастрын жасау;  

3) су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылау әдiснамасын әзiрлеу мен жетiлдiру;  

4) су пайдалану технологиясын әзiрлеу мен жетiлдiру және экономиканың әртүрлi салаларында оның тиiмдiлiгiн арттыру;  

5) су шаруашылығы нормативтерiн әзiрлеу;  

6) республикалық меншiктегi су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  

7) республикалық меншiктегi трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;  

8) мемлекетаралық су объектiлерiн жөндеуге шектес мемлекеттермен үлес қосып қатысу.  

Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...75 76 77 78 79 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 77-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481