Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 79 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Су Кодексi
79-бап. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдары

1. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдарын жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк тұлғалар су шаруашылығы құрылыстарына су жеткiзу, техникалық қызмет көрсету және су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсету үшін құрады.  

2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:  

1) пайдалану үшiн су ресурстарын алып қою;  

2) су ресурстарын су дайындау және (немесе) су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қою;  

3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ағызу;  

4) су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалану;  

5) сулардың сапасын және су объектiлерiнiң жай-күйiн жақсарту жөнiндегi қызмет;  

6) су шаруашылығы-экологиялық маркетинг саласында қызметтер көрсету;  

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет түрлерi.  

3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...77 78 79 80 81 ...146

Перейти к статье






Добавить комментарий к 79-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481