Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 82 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Су Кодексi
82-бап. Су пайдалану лимиттерi

1. Бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгіленеді және оларды уәкілетті орган бекітеді. 

2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін су пайдалану лимиттері негізінде бассейндік инспекциялар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлігінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді. 

Суға деген қажеттіліктерді жыл сайын қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптарға негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін су беру көлемдері белгіленген су пайдалану лимиттері ескеріле отырып, қайталама су пайдалануға арналған шарттарда айқындалады. 

3. Су аз болған жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында бассейндік инспекция бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу не тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдайды. Су аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген өнеркәсіп кәсіпорындары, су орташа аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген суармалы егіншілік және сулылығы орташа жылы кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген жайылма суару ауызсумен жабдықтаудан және табиғатты қорғау мақсатында су жіберулерден кейін басымдықты болып табылады. 

Жедел реттеу шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады. 

Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...146

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться