Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау



Ст. 85 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұлттық стандарттар және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекiтiледi және тiркеледi.  

2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.  

3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) су тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. 

Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...83 84 85 86 87 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 85-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481