Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптар



Ст. 87 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Уәкiлеттi орган басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптарды әзiрлейдi, олар:  

1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;  

2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;  

3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;  

4) тұтынылатын судың нормативтерi мен ұлттық стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.  

Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12. N 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 87-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481